Этнопаркте облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың қатысуымен студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» жасақтарының жазғы еңбек маусымының салтанатты жабылуы болды.
Студенттік құрылыс жасақтары жұмысын ойдағыдай ұйымдастырғаны, бұл қозғалысқа сіңірген елеулі еңбегі үшін ШҚМТУ ректоры Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков «Үздік ректор» номинациясымен және облыс әкімінің дипломымен марапатталды.
ШҚМТУ-дың студенттік құрылыс жасағы ең таңдаулы ұжым деп танылды. ШҚМТУ-дың студенттері Александр Дзисюк пен Евгения Колыгина өз номинацияларында бірінші орын алды.< /p> Университеттің студенттік құрылыс жасағы мүшелері үшін соңғы екі жылда барлық жағдай жасалған – тегін тамақ, жатақхана беріледі, шет тілін тегін оқытады. Биыл университет Ресей студенттерін қабылдап, оларға да барлық жағдайды жасады.