31 қазан күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да төмендегідей сұрақтардың қарастырылуымен Бақылау кеңесінің (БК) бірінші отырысы өткізілді.
- Бақылау кеңесінің төрағасын сайлау.
- Бақылау кеңесінің хатшысын тағайындау.
- 2017-2021 жылдарға университет даму жоспарының жобасы туралы.
ШҚМТУ Бақылау кеңесінің төрағасы - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Бақылау кеңесінің хатшысы - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың стратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті бойынша басқарма басшысы Дузкенева Найля Ақатайқызы.
- ЖОО мен мектептердегі Бақылау кеңестері сыбайлас жемқорлық мәселесін жүйелі шешу үшін және жауапкершілікүшін ашылады. Қазіргі қоғамда бұл өте маңызды, сапаны бақылаудың белгілі бір тетігі болу керек. Сол мақсатта, ШҚМТУ-да Бақылау кеңесінің бірінші отырысы өткізіледі, - деді өз сұхбатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президентінің кеңесшісі С.Ферхо.
Бақылау кеңесі мүшелерінің қатарында «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы Н.Р. Мусин, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президентінің кеңесшісі Светлана Ферхо, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры И.В. Шацкий, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Н.М. Нечепуренко, «Топаз» ТКК» ЖШС бас директоры Б.А. Багадаев, Астана Халықаралық мектебінің директоры Б.С. Ұзақбай, университет ректоры Ж.К. Шаймарданов, тәуелсіз бақылаушы- «Цеснабанк» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры, басқарушы директор Б.Д. Отарбеков.
Ректор Ж.Шаймарданов келесі бес жылға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ жеке даму жоспары туралы хабарлады.
- ШҚМТУ бүгінгі күні елеулі экономикалық ғылыми әлеуеті бар ЖОО-ы. БК негізгі міндеті білім беру үдерісінің сапасын арттыру, университетті неғұрлым бәсекеге қабілетті ету, - деп, атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов.
БК мүшелеріне ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Олег Гавриленко экскурсия жүргізді. БК мүшелері университет қызметінің бағыттары, білім беру және ғылыми қызметтерде жеткен жетістіктері, сондай-ақ, шетелдік әріптестермен жасалған жемісті ынтымақтастық туралы егжей-тегжейлі көрсетіліп жазылған университеттегі стендпен танысты.
Қонақтарға университеттің ғылыми-зерттеу кешендерін: "Металлургия және материалтану" ғылыми-өндірістік кешенін, "Мехатроника, аспап жасау және энергетика" ғылыми-білім беру кешенін, «Іргетас» аймақтық зертханасы мен тәжірибелі-өндірістік учаскелерді таныстырды.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің бұйрығымен шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Бақылау кеңесінің құрамы бекітілген болатын.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі