ТОО «Казцинкта» қызмет ететін ШҚТУ түлектерінің әрбір жетістігін мақтанышпен айтуға болады.
«Шахта кен орнында қарапайым тапсырмалар мен міндеттмелер жоқ, себебі бұл маңызды өндіріс орны. Мұнда ештеңе де себепсіз берілмейді. Бірақ менің компания филиалында алған білімім мен тәжірибем қызметіме үйренуге және табысты жұмыс істеуге көмектесті».
Әли Бектеміров есімді азамат РГОК Риддер-Соколный шахтасының геологиялық қызметінің басшысы, «Казцинк» ЖШС жанындағы ШҚТУ филиалының 2017-ші жылғы түлегі. Әли Бектеміров Жоғарғы оқу орнына тапсырарда іріктеу болатынын біліп, компания филиалына түсіп табысты қызмет атқарып келеді. -Бастапқыда мен «Казцинк» ЖШС жанындағы ШҚТУ филиалына түсу туралы нақты мақсатым болмағанымен, оқу барысында мен оқу жүйесіне толықтай қатыса отырып, аталмыш компания туралы көбірек білдім және сол жерге қызметке орналасқым келді. Өйткені бұл маған болашақта тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Екінші курсты тәмамдаған тұста Филиалға іріктеу болатынын ескертті. Әрине, үміткер көп еді. Алайда, тобымызда геология мамандығында жалғыз мен болғандықтан іріктеуден сүрінбей өттім,- дейді РМОК Риддер-Соколь кенішінің геологиялық қызмет басшысы Әли Бектеміров. -Бұл мамандықтың бар екенін де маған ешкім ескерткен жоқ. Болашақ мамандығымды мен жас күнімнен-ақ, кітаптан оқып алғам. Жанұямызда да, геология болмаса тау-кен өндірісіне қатысты адам жоқ. Ал, әкем мен анам болса кәсіпкерлік қызметте. Ол кісілер маған қарсылық білдерген де жоқ, сондықтан осы мамандықты өз жан қалауым деп білдім.
Оқу барысында кейіпкеріміз Шығыс Қазақстан облысының кен байыту орталықтарын түгелдей аралап, тәжірибе жинаған. Ал, 3-курсты тамамдап, іс-тәжірибеден өте жақсы өткені үшін, Риддер-Сокольной шахтасына қызметке шақырған. Ол-оқу мен қызметті қатар алып жүрді.
«-Аса қатты қиындық та тудырмады. Міндеттелген тапсырмаларды қашықтықтан-ақ, тапсырып жүрдім. Міне, менің қызмет еткеніме де 5 жылдан асты»,-дейді сөз арасында. Осы компанияда қызмет ету-жұмысыңды һәм өзіңді танумен бірдей. Жастайымнан қызмтке арласқандықтан ба білмеймін, маған еш кедергі мен қиындық тудырмады. Қазір, жастар жұмысқа келеді, жұмысын бақыласақ қиындықтарға тап болып жатады. Үйренуге, тәжірибе алуға біраз уақыт кетеді. Жоғарыда атап айтқандай, Шахта кен орнында оңай жұмыс жоқ. Ешбір тапсырма мен міндеттемелер себепсіз берілмейді. Бұл Компания үнемі қарқынды жұмыс істеп, жаңашылдыққа қол созып отырады. Шетелден келеген әріптестер болса қуана қарсы алып, тәжірибе бөлісеміз.