G-Global коммуникативті алаңының қызметін қолдау аясында 2014 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде онлайн-конференциясы болды. Оған ғылым ұйымдарының, жоғары оқу орындарының, облыстық және Астана мен Алматы қалалық басқармаларының басшылары қатысты.
ШҚМТУ ректоры, профессор, ҚР ҰИҒА академигі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы Нұрлан Темірбеков бас болып оған проректорлар, департамент директорлары, факультет декандары да қатысты.
Бұл коммуникативті алаң Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Мақсаты - әлемдік сараптау қауымдастығының қатысуымен интерактивті, ашық, ауқымды пікірталастар мен дебаттар үшін жағдай жасау; қазақстандық және шетелдік сарапшылардың идеялары мен тәжірибелерін ортаға салу; жобаларды талқылап жүзеге асыру үшін неғұрлым көкейтесті сараптау жұмыстарын анықтау; әлемдік қауымдастықта Қазақстан сарапшыларының рөлі мен имиджін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков пен әл-Фараби ҚҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Қорқыт- Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Бисенов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров баяндама жасады.
Онлайн-конференцияда «Білім деңгейін көтеру адами капиталдың өзекті факторы» тақырыбы бойынша VIII Астана экономикалық форумын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру ісінде бұл алаң үлкен маңызға ие. Онлайн-конференция қорытындысы бойынша ШҚМТУ-да оқытушыларды, студенттерді,магистранттар мен докторанттарды ИИДМБ талаптарына байланысты инновациялық жобаларға тарту мақсатында G-Global коммуникативті алаңын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылданды.Елбасының тапсырмасын табысты орындау және халықаралық аренада мемлекттің имиджін қалыптастыруға лайықты үлес қосу жолында мұның маңызы зор болмақ.
Индира Сағынғанова,
СҚФ деканының орынбасары