Бүгінгі таңда нәзік жандар ғылым саласында тынымсыз еңбек етіп жүр. Біздің университетте отандық және әлемдік ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан әйелдер қауымы аз емес. Олар тек ғылыми-зерттеу жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар оқу орынымыздың барлық салаларында - білім беру мен жастарды тәрбиелеуде, халықаралық ынтымақтастық пен қоғаммен байланысты орнатуда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.

Еліміздің ғылым саласын дамытуда атқарып жүрген баға жетпес қызметтеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Біздің ғалымдарымызға, ұлттың көркі мен айнасы болып жүрген аруларға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, береке, ынтымақ, қызметтеріңізде табыс тілейміз!