2024 жылдың 7-сі мен 9-шы ақпан аралығында «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ барлық мектептердің жоғары курс білім алушыларының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент өкілдерімен кездесулері өтті.
Перспективалы және креативті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, сондай-ақ студенттер арасында мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында кездесулер өткізілді.
Келесі мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды:
- Мемлекеттік әкімшілік қызметке қалай кіруге болады?
- Тестілеуге қалай және қайда жазылу болады?
- Конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттарды қажет?
- Сұхбат өту кезінде не білу керек?
- Қазіргі уақытта қандай бос жұмыс орындары бар?
Департамент өкілдері мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, жүйесі және шарттары туралы презентациялар көрсетті, тестілеуден өтуге арналған ақпараттық брошюралар таратты. Мемлекеттік менеджмент саласындағы өздерінің кәсіби тәжірибесі бар және сөз сөйлеушілердің мансаптық өсудің мысалдары студенттерді ерекше қызықтырды.
Кездесуге қатысушыларды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы ақпарат қызықтырды.
Бұл бағдарлама кез келген жастағы ҚР азаматтары үшін арналған. Ең бастысы, олардың сұранысқа ие мамандық бойынша дипломы болуы керек. Ауылдық жерлерде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда) мемлекеттік қызмет саласындағы мамандардың жетіспеушілік тапшылығы бар.
Бағдарлама тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беруді қарастырады. Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін құрайды, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01% - ға тең (СЭСВ - жылдық 0,01% - дан бастап). Ағымдағы жылға бағдарлама аясында 20 млрд теңге бөлінді. Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі.. Несиенің ең көп мерзімі-15 жыл. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының негізгі шарты қатысушы мамандығы бойынша ауылдық жерде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, бағдарлама негізінде көтерме жәрдемақы төлеу көзделеді.
«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін цифрлық форматқа ауыстырылды. Отбасы банкі 2024 жылдан бастап бағдарламаның операторы болды. Жылжымайтын мүлік порталында otbasybank.kz азаматтардан өтінімдері онлайн режимде қабылданады. Бұл процесті ашық етуге, бюрократияны төмендетуге, несие алу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Өтінімді қарау мерзімі 8 күнге дейін.
Біздің мемлекет муниципалды органдарға жұмысқа кездейсоқ адамдар емес, арнайы дайындалған, сауатты, құзыретті, кәсіби және көшбасшылық қасиеттері бар мамандардың келуіне қызығушылық білдіреміз. Мұндай критерийлерге ШҚТУ белсенді студенттері сәйкес келеді.