Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да энергетика және өмір сүру қауіпсіздігі жөніндегі бакалаврлар әзірлейтін оқытушылар мен студенттер үшін ақпараттық күн өткізілді.
Бұл шара «Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасына және Шығыс Қазақстан аймағын тұрақты дамыту үшін қуатты пайдалану тиімділігіне үйрету» халықаралық жобасы аясында өткізілді. Бұл жоба Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Қазақстандағы АЕS корпорациясы, Германия халықаралық ынтымақ қоғамы (GIZ), энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, Өскемен политехникалық колледжі (ӨПК) арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум негізінде жүзеге асырылуда.
«Өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі Елена Ван мен «Энергеика және техникалық физика» кафедрасының доценті Тамара Сегеда 3 және 4 курс студенттері мен оқытушыларға жобаның мақсаты және болжамдағы нәтижелері туралы айтты. Жобаға қатысушылардың ресми сайттарындағы веб-парақтары жайлы мағлұмат берді. Е.Ван мен Т.Сегеда студенттер мен оқытушылардың жоба жөніндегі сұрақтарына жауап қайтарды.