2017 жылдың 12 сәуірінде мемлекет басшысы сананы жаңғырту бойынша қазақстандықтарға ауқымды бағдарлама ұсынды.Қазіргі таңда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының операторы болған «Ұлттық аударма бюросы» гуманитарлық бағыттағы философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика пәндері бойынша жоғары оқу орындарына арналған 18 оқулықтар атауын аударды.

Университеттің кітапханасына 3738 дананы құрайтын 17 түрлі кітап келіп түсті. Әрбір танысқысы келген адам келіп алуына болады.

Университет сайтындағы кітапхананың бетінде келген кітаптардың виртуалды көрмесі орналастырылған. Жоба жайлы https://100kitap.kz сайтынан оқи аласыздар.