Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ-да университет басшылығының «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында университет түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Шемонаиха және Риддер қалаларында бос қызмет орындары бар екендігі айтылды.
«ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ерлан Макановтың айтуынша, компания жас мамандарға тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.