Әскери қолданыстағы пилотсыз ұшу аппаратының қоғамдық өмірде, адамзат пайдасына бейбітшілік мақсатта қолданылатыны жаңалық емес. Инженерлік ізденістерде, жол құрылыстары зерттеулерінде бұл аппараттар кеңінен қолданылады. Бұл жолы құрылғының қолданыс аясы тағы бір бағытқа толықты.

Жол көлік оқиғасы орындарын бақылауда видео және фототүсірілімдер жүргізіп, оқиғаның сызбасын, нысандар арасындағы өлшемдер жүргізу - уақыт пен қаражаттық ысырап тудырады. Ғалымдар мен мамандары бұл жұмыстарды пилотсыз ұшу аппараттарына тапсыруды көздеп отыр. Фотограмметриялық бағдарламаның көмегімен деректерді сұрыптай отырып, жол көлік оқиғасы орындарының цифрлық моделі жасалып, көлік құралдарына түскен зақымдарды жоғары дәлдікпен тіркеу - жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл адам қолымен жасалатын сараптамалар мен талдаулар аясын да кеңейте түседі.

Бұл жобаны Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментімен бірлесе отырып жүзеге асырды. Бастаманы іс жүзінде қолданған технкалық ғылымдар кандидаты, Veritas озық даму орталығының аға ғылыми қызметкері Александр Игнатьев Недобитков келесідей тоқтамға келді:

  • Координаттық ақпараттардың толықтығы мен обьективтілігі.
  • Жол көлік оқиғасы орнындағы жұмыс жылдамдығы.
  • Полиция қызметкерлері жұмысының уақытын үнемдей отырып, жол кептелісінің орын алуына жол бермейді.

Тек бұл емес, пилотсыз ұшу аппараттарымен жүргізілген жол өлшемдері жол көлік оқиғаларының орын алу тәуекелін зерттеп, оны болдырмау мақсатында көше қиылыстарын өзгерту жолдарына ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.