«Бриг» жеке меншік бизнес мектебі ШҚТУ базасында «Зияткерлік формуласы» атты зияткерлік ойындар чемпионатын ұйымдастырды. Ақыл мен білім сайысына қаламыздың 10 мектебі қатысты.
Іс шара Қазақстан ядролық қауымдастығы жанындағы Атом технологиялары бойынша ақпарат орталығының және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қолдауымен, ұйымдастыруымен өтті.
Зияткерлік ойынға дейін балалар университеттің тыныс тірлігімен, технологиялары, зертханалары мен мұражайын тамашалады.
Жарыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етті.