Мемлекеттің өмірлік күші – қаржы. 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ақша реформасы жүргізілді. Елдің қаржы саясат толықтай Ұлттық банкке байланысты.

Қаржыгер – заңды түрде ірі ақшалай операциялар жүргізетін маман. Қызмет үлкен жауапкершілікті, сауаттылықты және кәсіби біліктілікті қажет етеді. Ақша ресурстарын сауатты жоспарлап, үйлестіру, шығын пайдасын басқару – қаржыгерлер алдында тұрған ерекше міндет.

Барлық қаржы саласында қызмет етіп жүрген қазақстандықтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Тұрақтылық пен табыс, мансаптық белестерді бағындыруды, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!