2010 жылдың 11-14 қазан аралығында Д.Серiкбаев атындағы ШКМТУ-да 050703 «Ақпараттық жүйелер» және 050713 «Көлiк, көлiк техника және технология» мамандықтары бойынша бiлiм беретiн бағдарламаларын бағалау үшін Ресей инженерлiк бiлiмiнiң аккредитациялау қауымдастығы орталығының сараптама комиссиясы жұмыс істеді.
Сарапшылар нормативтiк және ұйымдастыру - екi бiлiм беретiн бағдарламалар бойынша әдiстемелiк құжаттар, соның iшiнде студенттiк және бiтiретiн мамандыққа қатысты үлгi жұмыстар, пәндердiң оқу-әдiстемелiк кешендерi және ЖОО-мен тексеру барысында берiлген басқа материалдар,оқу жоспары, пәндердiң (Силлабустар ) жұмыс бағдарламалары талқыланды.
Студенттермен, оқытушылармен, бiтiрушiлермен және жұмыс берушiлермен кездесулерөттi.
Комиссия бұл білім беру бағдарламалары аккредитацияның халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды жасап, АИОР Төралқасына(EUR-ACE Label ) «Еуропалық сапа белгiсiн»беруге ұсыныс бердi. Бұл ШҚМТУ-дың аталған мамандықтары бойынша алынған диплом халықаралық деңгейдегі дипломдары деп есептеледі.