logoАқпараттық технологиялар саласында

Халықаралық студенттік Олимпиада.

2010 жылы төртінші рет өткізіліп отрыған Ақпараттық технологиялар саласында Халықаралық студенттік «IT-Планета» Олимпиадасы ТМД кеңістігіне жетіп, халықаралық дәрежеге ие болды. Ресейден келген студенттерге Украина мен Қазақстан Республикаларының студенттері қосылды. Қазақстанда ғана 700 астам қатысушыларды жинаған осы үлкен шараға АТЭФ студенттері де қатысты.

Іріктеу турларына барлығы 7000 студент, Ресейден, Украина мен Қазақстанан 660 орта, жоғарғы және кәсіптік оқу мекемелері қатысты. Алты номинация болды: «Программирование», «Использование ПО и администрирование», «Сетевые системы и оборудование», «Цифровое творчество и 3D-моделирование», «Инновационные и программные проекты», «Навстречу Играм в Сочи».

«IT-Планета» қатысушыларына ph1для участников «IT-Планеты» арналған конкурстық тапсырмаларды дүниежүзілік және ресейлік жетекші IT-компаниялары дайындады: Intel, Oracle, 1C, IBM, D-Link, Adobe Systems, Lunix-Center.

Қашықтықтан іріктеу турларының жеңімпаздары, төртінші курс студенттері –Жабский Константин 07-ИС-1, Федотова Ирина 07-ВТ-1, Ауганбаев Ардак 07-ВТ-1 Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде өткізілген Республикалық олимпиаданың финалына қатысты.

Студенттер үш номинация бойынша қатысты: «Администрирование Windows Server 2008 R2», «Программирование 1C:Предприятие 8», «Протоколы, сервисы и оборудование» (D-Link). ph2

Федотова Ирина өз номинациясы бойынша екінші орынға ие болып, Халықаралық Олимпиаданың 135 финалистерінің қатарына қосылды. Мамырдың 11 мен 13 аралығында Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатики университетінде Ирина жарысқа қатысады.

Екінші орын үшін дипломды «1С-САПА» компаниясының өкілі ұсынды. Жеңімпаздарға лазермен өңделген, шыныдан жасалған, эксклюзивті арнайы медальдар дайындалды.

ph3Олимпиаданың ресми порталында жобаның барлық қатысушылары жөнінде ақпарат жарияланады (http://world-it-planet.org).

Олимпиадаға қатысқан барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, келесі маусымда бұдан да үлкен жетістіктерге жетуді тілейміз.

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы

Иван Загайнов.