«Отандастар Қоры» КеАҚ-ның ұйымдастыруымен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқитын ұлты қазақ шетел азаматтарымен кездесу ұйымдастырды.

Кедесуге Отандастар Қоры, Ұлттық волонтерлік желі және Жас Қазақ халықаралық ұйымының өкілдері қатысты.

Кездесудің басты мақсаты, қандастарымызды толғандырған сұрақтарды арнайы мамандардың жауап беріп, түсіндіруі.

Отандастар Қорының білім бағыты бойынша қызметкері Еңлік Бердірахманова Қоғамның атқаратын жұмыстары жайлы атап өтті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының жанынан құрылып, шетелдегі отандастарымызды және елдегі қандастарымызды жан-жақты қолдайтын ұйым осы уақытқа дейін ауқымды шаралар ұйымдастырды.

Дайындық бөлімінің тыңдаушылары үшін 2022 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу қандай форматта өтетіндігі және талап, ережелерімен айтылды. 2020-2021 жылы ҰБТ-ны шетелде тапсырған отандастарымызға онлайн форматта өткендігі, тест тапсыру кезіндегі олқылықтарды енді болдырмас үшін, талаптардың күшейеді.

Сонымен қатар, «Отандастар Қоры» КеАҚ Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Еркебұлан Меңлібаев азаматтық алу механизмдері, виза алу мәселелері жқнінде ақпарат берді.

Қандас жастардың тек қана оқумен ғана шектелмей, қоғам өмірімен де араласып, өздерін жан-жақты дамыту үшін әртүрлі жастарға арналған ұйымдармен де таныстырылды. Оның ішінде Отандастар Қорының жанынан құрылған «Жас Қазақ» халықаралық жастар ұйымы жайлы жетекшісі Алжан Шарипов айтты. Ұйымдағы түрлі жобалар, оның ішінде ең ауқымдысы «Киелі Қазақстан» жайлы ақпарат берді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі 20 белсенді қандастарымыздың басын қосып, еліміздің киелі жерлеріне экскурсия жасайтын бұл жобаның орны ерекше. Алдағы уақытта да ұйымдастырылатын жобалар жайлы қысқаша айтып, кез-келген ұсыныстарға дайын екендерін жеткізді.

«Ұлттық волонтерлік желі» өкілі Айдана Макышева еліміздегі және әлемдік деңгейдегі жобалармен таныстырды. Волонтерлік қоғамға пайданды тигізіп қана қоймай өзіннің болашағына инвистиция құюмен де тең екендігін айтты. Яғни, өзінді қызықтарған саламен айналысып тәжірибе жинақтауға көмектеседі және жаңа достар табасың.

Кездесу соңында Қоғамның 1404 байланыс номері және әлеуметтік желідегі сілтемелерін бөлісті. Қандас жастар кез-келген уақытта сұрақтарымен ұсыныстарын айта алады.