Қазіргі Қазақстан шежіресі 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталады. Бұл күні Қазақстан өзін тәуелсіз егемен мемлекет деп жариялады. 30 жыл бұрын біздің еліміз өз тарихында жаңа кезең ашты: күшейе түсті, өз дамуында үлкен нәтижелерге қол жеткізді.
Осы айтулы датаға орай 20-ТФК-1 тобында кураторлық сағат өтті. Жастар әрқашан жаңа идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Іс-шарада білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, мемлекеттік тілді, тарихты, салт-дәстүрді, әдебиетті қадір тұтып, құрметтеу парыз, сонымен қатар, елдің дамуы тікелей жастардың қолында екенін айтты.