Моңғолия Ұлттық университетінің Ховда филиалы өкілдері Батбаяр Баярхуу, Бат-Эрдэнэ Ганчимэг Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде болды. География кафедрасының жетекшісі Батбаяр Баярхуу, Биология кафедрасының аға оқытушысы Бат-Эрдэнэ Ганчимэг келелі кездесу алдында университеттің материалдық техникалық базасымен таныс болды.
Университет басшылығының қонақтармен кездесу бөлімінде екі жақты ынтымақтастық тақырыптары, ортақ мақсаттар талқыланды. Бірлесіп Тау-кен ісі оқу бағдарламасын жасауға келісім жасалды. Сол сияқты Простор базасында моңғол студенттерге өндірістік тәжірибе өткізу жайы қаралды.