19-21 желтоқсан аралығында онлайн түрде Quality Austria сертификаттау жөніндегі халықаралық органның жетекші аудиторлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің жұмысы ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне және сапа менеджменті жүйесінің - ISO 9001:2015 талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізді.

Аудит барысында Басқарма Төрағасы – ректор С.Ж. Рахметуллина, Басқарма Мүшелері – проректорлармен: Г.М. Бейсембаеван, Н.Ф. Денисова; Комплаенс қызметі, Халықаралық ынтымақтастық офисі, Қызметкерлерді іріктеу және дамыту бөлімі, Бухгалтерия, Академиялық қызмет жөніндегі басқарма, Мансап орталығы кітапхана, Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы, Сүйемелдеу және ақпараттық Технологиялар басқармасы, Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясатя басқармасы сияқты құрылымдық Бөлімшелердің басшыларымен, Мектеп және Факультет декандарымен сұхбат жүргізілді.

Аудит бағдарламасы толық көлемде орындалды. Аудиторлар біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде СМЖ мен СЖҚМЖ-сін одан әрі дамыту бойынша дұрыс бағытта келе жатқанымызды атап өтті. Сәйкессіздіктер табылған жоқ. Мамандар біздің БМЖ-ні одан әрі жетілдіру бойынша  ұсыныстар мен жұмыстарға баға берді.

Барлық ұжымға тамаша командалық жұмыстары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, сыртқы аудиттің сәтті өтуімен құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!

 Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы