11-12 қазан Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да педагог-психолог Нұргүл Жарасбаева мен әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының бастығы Гүлнар Жаңабаева ұйымдастырған магистранттарға арналған консультация өтті.
Ғылыми-педагогикалық практика оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Педагогикалық практика - практикалық дағдылар мен оқыту әдістемесін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оның мазмұны теориялық білімді жүзеге асыруға және оқыту топтарымен жұмыс істеудің практикалық дағдылары мен оларды жетілдіруге және жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
Кездесуде спикерлер оқытылатын ғылымның ерекшелігін ескере отырып, оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Магистранттар білім алушылар ұжымдарының психологиялық ерекшеліктерін сәтті диагностикалауға, студенттердің жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін түрлі әдістемелермен танысты, бұл педагогикалық практика кезеңінде оқу процесін сәтті ұйымдастыруға және студенттермен тәрбие іс-шараларын қызықты өткізуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық практика университеттің болашақ оқытушысының кәсіби маңызды жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, магистранттар университетте тәжірибесі мол мамандарға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.