Еліміздің басты және жалғыз Ұлттық мерекесі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік, кәсіби және көптеген атаулы күндердің арасында Ұлттық мейрамның мәртебесі ерекше. Қазақстан үшін тарихи маңызы бар, мемлекеттігіміздің іргетасы қаланып, дамуына ықпал еткен күнді атап өту, уақыт талабы, тарихи сұраныс болған деген ойыммен келісесіздер деп сенемін!
Ендеше, келе жатқан мейрам әрбір қазақстандықтың қара шаңырағына құт береке, ынтымақ пен бейбітшілік әкелсін. Еліміз көркейіп, жаһандық алаңда мәртебесі өсе берсін! Ұлтан болар ұлдары, судай сұлу қыздары өсіп-өніп, өнегелі ұрпақтарды көре берейік!
Басқарма Төрағасы-ректор
Сәуле Рахметуллина