Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ұжымы Қырғызстандағы жойқын селден қаза тапқан балалардың отбасына қайғыра көңіл айтады. Орны толмас қаза, арты қайырлы болсын.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметінің мамандары жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның балалары да бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған. Туристік аймаққа түскен селдер кішкентай шығысқазақстандықтардың өмірін қиып, өңірдің барлық тұрғындары үшін қайғылы жағдайға айналды.