Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы-ректор Сәуле Рахметуллинаның төрағалығымен басқарманың маңызды отырысы өтті. Отырысқа проректорлар, декандар, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен құзырет және технологиялар трансфері орталықтарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде оқу процесінде әлемдік цифрлық кітапханаларды пайдалану тақырыбы талқыланды. Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асия Машекенова баяндама жасады. Өз сөзінде ол ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ғылымды тартуға бағытталған жоғары білім беруді (ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ШҚТУ жоғары білім берудің инфрақұрылымы мен цифрлық архитектурасын белсенді дамытатынын атап өтті. Университет Web of Science, Scopus, PR Smart, SpringerLink, Ebsco, WDL және eLibrary сияқты сандық кітапханалар мен платформаларға қол жеткізе алады. Бұл студенттер мен оқытушыларға университет желісінің кез-келген компьютерінен, сондай-ақ үйден қашықтағы мәліметтер базасымен онлайн режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Болашақта ШҚТУ әлемдік ScienceDirect платформасына жазылуды жоспарлап отыр.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимылдың кешенді бағдарламасын іске асыру болды. Басқарма мүшесі-ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева баяндама жасады. Ол диссертациялық кеңесті, бірлескен ғылыми жобаларды және магистранттардың тағылымдамаларын қоса алғанда, әртүрлі бағыттар бойынша ШҚТУ-дың Ғылыми-зерттеу институтымен ағымдағы ынтымақтастығы туралы айтты. Университет жоспарында ҒЗИ-мен өзара іс-қимылды кеңейту және серіктестер санын ұлғайту бар.

Отырыс қатысушылары ШҚТУ-да білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру үшін цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың және ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.