Қазақстан Республикасында 12 мамыр күні алғаш рет «Аналар күні» атап өтілді. Аналар күні - анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатындағы маңызды мереке.

Осы мерекеге орай 13.05.24 жылы Тілдік құзіреттілік орталығына  қарасты «Ақжүзік» қыздар клубының ұйымдастыруымен, «Қыз - әдебімен көрікті» атты дөңгелек үстел өтті.

Осы шараға шақырылған қонақ ретінде «Шығыс Қазақстан Рухани ханымдары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Матиева М.З. және осы қоғамның мүшелері Мұрсалімова М.М, Рақымова Г.Н қатысып, өздерінің маңызды әңгімелерімен бөлісті. Шара барысында көптеген сұрақтар қойылып, аналарға арналған өлеңдер оқылды.

Бұл шараның мақсаты: Ұлттық құндылықтарды сақтап, салт - дәстүрімізді насихаттау.

Өткізілген шараның жұмысын қорытындылай келе, бұл мереке айрықша мән-маңызға ие және аналарды қорғау - мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі екендігі түйінделіп өтті.

Қатысқан студенттер, қонақтар қызығушылық танытып, өз ризашылықтарын білдірді.

  Барлық фото