Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Басқарма төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызының төрағалығымен Басқарма отырысы өтті. Күн тәртібінің негізгі тармақтарының бірі «Лу Бань шеберханасында» атқарылған жұмыстар туралы есеп болды. Бүгінгі таңдағы нәтижелер легі мен жоспарлар айтылды. Университет мектептерінің декандары Бизнес мектебін, Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебін және Халықаралық инженерлік мектепті дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша өз баяндамаларын ұсынды.
Luban Workshop басшысы Анасыр Мейрашевтің есебі аясында «Машина жасаудағы смарт технологиялар және жасанды интеллект» инновациялық білім беру бағдарламасы ұсынылды.
Бұл бағдарлама қазірдің өзінде әзірленіп, талапкерлерді қабылдауға дайын, бұл озық технологиялар мен жасанды интеллект әлеміне енгісі келетін студенттерге орасан зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ жақын арада «Astana Motors» компаниясымен меморандум жасалатын болады.
Басқарма отырысы университетті дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылаумен және одан әрі жасалатын қадамдар бойынша тиісті шешімдер қабылдаумен аяқталды.