Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тұңғыш рет тау-кен істері саласындағы Бүкілроссиялық екінші чемпионаттың  кейстерді шешу жөніндегі VІІ сайысы өтті. Оған «Тау-кен істері лидерлерінің жастар форумы» басқармасының төрағасы Артем Королев (Россия), «Руссдрагметтің» жетекші маманы Игорь Темников, ШҚМТУ проректоры Олег Гавриленко және басқалар қатысты.

ШҚМУ мен «Тау-кен істері лидерлерінің жастар форумы» ынтымақтастық жөнінде келісімге келді.

ШҚМТУ техникалық білім беруде елімізде жетекші орын алады. Біз кеңшілер даярлауға зор маңыз береміз. Мына шараның ШҚМТУ-де өтіп отырғаны да тегін емес, - деді О.Гавриленко.

Бұл чемпионаттарға Қазақстан мен Россияның 20 ЖОО-ның студенттері мен аспиранттары қатысуда.