0 қарашада Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ әкімшілік ғимаратының тренинг-залында университет докторанттарымен кездесу өтті. Қатысушылар қатарында докторантурада оқып жүрген 23 докторант пен бағдарламаны аяқтаған, бірақ докторлық диссертациясын әлі қорғамаған 1 докторант болды. Кездесуді ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Г.Р. Гавриленко, ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімі және кадрлар бөлімінің басшысы Т.С. Соловьева ұйымдастырды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің инженері Динара Айдарова ғылым бөлімінің  университет докторанттарымен өзара әрекеттесуі жайлы баяндама жасады, сондай-ақ докторанттардың Жеке жұмыс жоспарының ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру бойынша есеп беру тәртібін ұсынды.

Кездесу барысында докторанттар оқу үрдісінде пайда болған сұрақтарын қойып, әдістемелік қолдауды жетілдіру, құжаттамалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасады.

Аталған мәселелердің біреуінің шешімі - Scopus (Elsevier) деректер базасына енгізілген ғылыми журналдарда, сондай-ақ Clarivate Analytics (Thomson Reuters) компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес нөлден тыс импакт-факторы бар ғылыми журналдарда мақалаларды жариялауға көмектесетін академиялық жазылым Кеңсесінің ашылуы болмақ. Сондай-ақ кездесу барысында О.Д. Гавриленко  докторанттарға профессорлық-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің кадрлық қорын қалыптастыру жобасы туралы айтып өтті. Аталмыш жобаның бір бағыты -докторантурада білім алу арқылы кадрлық резервті қалыптастыру болады. Кадрлық резерв - бұл ең үздік, ең перспективалы қызметкерлерді анықтау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс атқаруға бағытталған қызеттік құрамды дамытудың негізгі жобасы.

Кездесу ілгеріде жалғасын табатын жемісті ынтымақтастықты қолдау мақсатында өткізілді, әрі докторанттардың да университет өкілдерінің де қызығушылықтарын оятты. Бұл кездесу - соңғы кездесу емес, келешекте осындай кездесулер жас оқытушы-докторлар мен ғылыми қызметкерлердің жан-жақты дамуына және маман ретінде қалыптасуына көмектесу үшін жиі өткізілетін болады.

Соловьёва Т.В., HR-қызметінің жетекшісі