«Алау-2023» Өскемен қаласы әкімінің жастар арасындағы жүлдесі Өскемен қаласында тұратын 14 пен 35 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Алау-2023» мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін салтанатты марапаттау іс-шарасы өтеді. Жүлде 7 аталым бойынша беріледі:
- «Үздік оқушы»
- «Үздік студенттік көшбасшы»
- «Үздік жас ұстаз»
- «Үздік жас волонтер»
- «Үздік жас өндіріс маманы»
- «Үздік жас спортшы»
- «Үздік жас қаһарман»
Жүлдеге қатысу үшін байқау құжаттарын: ұсыным, мінездеме, шығармашылық материалдары, үміткердің ерекше еңбегін растайтын құжаттар және тағы басқаларын қоса отырып, oskemenalau.kz сайты арқылы өтінім беру қажет.