Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінен 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысқан 4 жоба бойынша гранттарды жеңіп алды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан техникалық университеті Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен жүзеге асырылатын екі мега-жобаның бірлескен орындаушысы болды.

Өткен жылы Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру үш есеге өсіп, барлығы 147 миллиард теңгені құрады. Бұл еліміздегі ғылымды, оның ішінде университеттегі ғылым саласын дамыту үшін орасан зор мүмкіндік.

Үкімет пен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауының арқасында ғалымдар өз зерттеулерінің ауқымын кеңейтіп, заманауи технологиялар мен жабдықтарға қол жеткізе алды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры - Басқарма Төрағасы - Сәуле Рахметуллинаның айтуынша: "ШҚТУ тәжірибесі көрсеткендей, өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы ғылыми зерттеулерге және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған жылдық бюджет 3,5 есеге өсіп, 2,328 млрд. теңгені құрады. Бұл университеттің жалпы бюджетінің 30% - дан астамы".

Сонымен қатар, ЖОО биылғы жылы түрлі бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер мен коммерцияландыруға қомақты қаражат алды. Бұған гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға бөлінетін республикалық бюджет, халықаралық қорлар, шетелдік және жергілікті серіктестермен RND жобалары кіреді.

Сонымен, БНҚ конкурсының қорытындысы бойынша ШҚТУ ғалымдары келесі тақырыптар бойынша 2 млрд теңгеден астам сомаға 4 жоба ұтып алды:

  • "Ауыл шаруашылығы машиналарының бөлшектерін қатайту және қалпына келтіру үшін дыбыстан жоғары доғалы металдандыру технологиясын әзірлеу және енгізу". Жоба жетекшісі - PhD докторы, қауымдастырылған профессор Рахадилов Бауыржан Қорабайұлы;
  • "Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру". Жоба жетекшісі - PhD докторы, қауымдастырылған профессор Смайылова Сәуле Сансызбайқызы;
  • "Мониторинг жүйесін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысындағы көшкін белсенділігін зерттеу". Жоба жетекшісі - ф-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Денисова Наталья Федоровна;
  • "Индустриялық даму және жаһандық процестер жағдайында Ертіс өзені бассейнінің су экожүйесін бағалау". Жоба жетекшісі - Т.ғ.д., профессор Колпакова Валентина Павловна.

Ғалымдардың істеріне табыс тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз!