10-11 мамыр күні Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың колонна залында Эразмус+, IUCLAND жобалары комитетінің екінші кездесуі өтті. Еуропа-Азиялық елдердің топырақты қорғау бойынша университеттердің халықаралық ынтымақтастығы Қытай, ТМД, Еуроодақтың жетекші университеттерінің жетекші ғалымдарының қатысуымен өтті.
Заманауи экологиялық проблемалардың бірі топырақтың құнарсыздануы болып табылады. Қалыптасқан осы түсінік бойынша топырақтың құнарсыздануы мен оның функциясын төмедететін барлық процесстер қарастырылды.
Ғылым және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор Олег Гавриленко атап өткендей, Шығыс Қазақстан үшін топырақтың құнарсыздануы ауыр және радионуклидті заттармен антропогендік ластануымен байланысты. Бұл қазіргі заманауи технологиялар көмегімен таза ауыл-шаруашылық өнімдерін ала алмауға әкеліп соғады. Бұл мәселе жаңа әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Сондықтан IUCLAND жобасының мақсаты осы мәселені көтеру мен осы бағытта академиялық және ғылыми салаға бағдар беру. Өткізілген кездесу жобаны жүзеге асыруда маңызды болып табылады. Бұнда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Италия,Словакия, Хорватия елдерінің өкілдері қатысады.
Кездесу соңында университетке экскурсия жасалды.