Білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын (БҒДМБ) жүзеге асыру аясында, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і Durham (Ұлыбритания) университетінен топ-менеджер Л.Мудашируді 2016-2017 оқу жылында біздің университетте жұмыс істеу үшін шақырды.
Л. Мудаширу Durham университетінің халықаралық орталығының жетекшісі және Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияның әрекеттестігіне жауапты.
Доктор Л. Мудаширу ШҚМТУ-мен бірнеше жылдар қатарынан бірлесіп, белсенді қызмет етіп келеді. ШҚМТУ-нің ғалымдары Н.А.Куленова мен Д.Л.Алонцевамен British Council конкурсы үшін бірлесіп жасалған ғылыми жобалары да дайындалған.
Л. Мудаширу ұсынған халықаралық әріптестік стратегиясы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де жүзеге асырылады. Л.Мудаширудің тәжірибесі, халықаралық байланыстары және біздің университеттің әлеуеті – білім және ғылыми зерттеулердің таратылуы, кең әрекеттестік, коммуникация үшін халықаралық алаң «Университет - форум» моделін жүзеге асыруға бағытталған.
Қош келдіңіз, доктор Л.Мудаширу