2023 жылдың 2 ақпанында қазақ және орыс тілдері кафедрасында Пушкин клубының кезекті отырысы өтті.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 125 жыл толуына орай тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызы онлайн режимінде ғылыми-танымдық дәрісін өткізді.
«Оның есімі біздің жүрегімізде және ісімізде – Қазақстанның тұңғыш Халық ағарту комиссары Темірбек Жүргенов» атты лекцияны кафедраның студенттері, оқытушылары тындады.
Меңдіғаным Жамалбекқызы Т.Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығынан алынған бірегей тарихи деректерге тоқталды. Ол еліміздегі мәдени төңкеріс осы тұлғаның есімімен байланысты екенін атап өтті. Оның табандылығының арқасында 1934 жылы Алматыда Қазақстандағы және бүкіл Орта Азиядағы ең ірі алты жоғары оқу орнының құрылысы бірден басталды. Принципті берік ұстанғаны, қайсарлығы, бастаған ісін соңына дейін жеткізуге деген мызғымас ұмтылысы үшін халық оны «темір комиссар» атаған.
Темірбек Қараұлының сіңірген еңбегі – Қазақстанның шекарасын анықтауда үлкен рөл атқарған. Мысалы, Жетісу мен Сырдарияны жаңадан құрылған Өзбекстан Республикасына бермек болғанда, бұл аймақтарда қазақтардың ерте заманнан мекендегенін дәл Жүргенов дәлелдеген. Сөйтіп, ол өз күш-жігерінің арқасында бұл жерлерді Қазақстанның құрамында сақтап қалды.
Жүргенов Т.Қ. Халық ағарту комиссары, сонымен бірге өнер комитетінің басшысы бола отырып, қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуына орасан зор үлес қосты.
Жүргенов Т.Қ. 25 ақпанда 1938 жылы халық жауы ретінде атылып, 1957 жылы ақталды.
М.Д. Шаймерденоваға мәдени-тарихи мұраны жастар арасында насихаттаудағы қызықты ғылыми-танымдық дәрісі үшін алғыстарың білдірді.