Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «Қауіпсіздік техникасына жұмыс орнында және Шығыс Қазақстан аймағын тұрақты дамыту үшін энегияны тиімді пайдалануға оқыту» жобасын алғашқы жүзеге асырушылардың бірі болды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Қазақстандағы АES корпорациясы, Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ), энергетика және ТКШ басқармасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, Өскемен политехникалық колледжі жоғарыда айтылған жоба бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Новые грани сотрудничества Новые грани сотрудничества Новые грани сотрудничества

Жоба мақсаты - техникалық қызметшілердің біліктілігін және ЖОО мен колледждің түлектерін энергия тиімділігі және жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша оқыту сапасын арттыру. Бұл - Қазақстандағы энергетика, кен өндіру және металлургия өнеркәсібі салаларының талабына сәйкес келеді. Жоба АES қызметкерлеріне, мердігерлерге, электр энергетикасы, кен өндірісі, металлургия секторы, жергілікті өкімет органдары, муниципалитет мамандары, ШҚМТУ мен ӨПК инженерлік мамандық түлектеріне, оқытушыларға арналған.

DeveloPPP.de жобасының менеджері Констанце Майер қауіпсіздк пен электр үнемдеудің маңыздылығын, сондай-ақ жергілікті білім беру мекемелерін қауіпсіздік, жаңа технологиялар мен басқа да электрмен және жылу энергиясы өндірісімен байланысты техникалық мәселелерде кәсіби біліммен байыту талаптарын ерекше атап көрсетті.

Бұл проблеманы шешу үшін «жасыл» және тұрақты экономикаға көшу жөніндегі қозғалысты бастап кете алатын, жаңа технологияларды жақсы меңгерген, сондай-ақ энергия тиімділігі жөніндегі стратегияны іске асыруға септесетін қызметкерлер қажеттігі айтылды.

Қазақстандағы АES корпорациясының вице-президенті Сергей Зуев аталмыш компанияда қызметкерлердің қауіпсіздік мәселесіне әрдайым тиісті көңіл бөлінген, корпорацияда бұл істе мол тәжірибе бар, олар бүгін серіктестерімен тәжірибе бөлісуге әзір,-деді.

АES стандарттарына сәйкес жұмыс істей алатын қызметкер табу жергілікті жерде оңай іс емес. Қазақстандағы АES компаниялар тобы білікті мамандар қабылдауға мүдделі. Жобаны дамытуды қамтамасыз ету мақсатымен жасалған модульдер мен бағдарламалар АES-тің корпоративтік оқыту орталығының ағымдағы білім беру бағдарламасына және ШҚМТУмен ӨПК еңбек қауіпсіздігі және инженерлік бағыттағы энергия тиімділігі жөніндегі оқу бағдарламасына енгізіледі.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ -дың оқу және әдістемелік Жұмыс жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Манарбек Қылышқанов «Жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын және Шығыс Қазақстан аймағын тұрақты дамыту үшін энергияны тиімді пайдалануға оқыту» бірегей жобасы жөніндегі меморандум серіктестік аясын кеңейтіп қана қоймай, бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге жол ашатынын айтты.

 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі