Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқытушылар мен студенттер ғарышкер-зерттеуші, Қазақстанның Халық қаһарманы, Қазақстанның әскери әуе күштерінің полковнигі Айдын Ақанұлы Айымбетовпен кездесті.

Ол халықаралық ғарыш станциясының бортында халықаралық экипаж құрамында ғарыш кемесінің екінші борт инженері ретінде 10 күн болды. 2 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан аттанған «Союз ТМА - 18 М» 4 қыркүйекте халықаралық ғарыш станциясына қосылды. Ол орбитаға қатарында «Казкосмос» ғарышкері Айдын Айымбетов, ресейлік ғарышкер Сергей Волков, дат астронавты Андреас Могенсен бар халықаралық экипажды әкелді. Қазақстандық ғарышкер Байқоңыр космодромының мерекелі жылы ұшқанын айта кету керек.

Историческая встреча с героем страны Историческая встреча с героем страны Историческая встреча с героем страны

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың тәрбие ісі және шаруашылық жөніндегі проректоры Ж.Д.Нәзбиев ұжым атынан ғарышкерді жылы қарсы алып, университетке келгені үшін алғыс айтты.

- Біздің студенттер - Қазақстанның болашағы,- деп бастады әңгімесін жастармен А.Айымбетов. Ол Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бүкіл посткеңестік кеңістікте атақты екенін, оның түлектері бұрынғы Одақ ауқымында жоғары саяси және басшылық қызмет атқарып жүргендерін айтты. Ал бүгінгі студенттер ертең одан да жоғары дәрежеге жетуі сөзсіз, ең бастысы білімге талпыну керек, ЖОО-ның профессорлары мен оқытушылары беретін ілімге құштар болуы қажет.

Әңгіме барысында ғарышкер - зерттеуші студенттер мен оқытушылардың көптеген сұрақтарына толық жауап берді. Ол бұл сапардың Қазақстан үшін аса маңыздылығын атап айтты, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа республиканың ғарыш саласын дамытуға қамқорлығына алғыс сезімін білдірді, ал Қазақстанның халқына ғарышкерлерге сенім артқаны үшін алғыс айтты.

- Президент маған Халық қаһарманы атағын берген сәтті ұмытпаймын,- деді Айдын Ақанұлы , - мен қатты толқыдым, дәл сол сәтте өзіме ант бердім: әрдайым Қазақстанның өркендеуі үшін жұмыс істеймін! Мен біздің планетаны ғарыштан көрдім, ол өте әдемі де нәзік, ұшқанға дейін әріптестерімнен еститін едім, өз көзіммен көргендегім естігендерімнен әлдеқайда әсерлі болды. Мен ғарыштан Қазақстанды көрдім, Отанымды, үйімді сағындым.

Айдын Айымбетовьың айтуы бойынша, станцияда болған кезде оннан астам ғылыми-зерттеу тәжірибелері орындалды. Олардың арасында Арал және Каспий теңіздерінің экологиялық жағдайы, биотехнология мен биомедицина саласындағы зерттеулер, басқа да тәжірибелер, оның ішінде салмақсыздық жағдайында Қазақстанның ұлттық тағамдарынан дәм тату.

- Біздің тамақ институтында жасалған жоғары технологиялық тағамдарды сынақтан өткізу алдымызға қойылған міндеттердің бірі еді,- деді ол. - Олар суплимирленген вакуум қораптағы өнімдер, олардың құрамында витаминдер, арнайы қосымшалар бар. Олардың қатарында «Жігіт» харчо көжесі, печенье, құрт, ірімшік, саңырауқұлақ қосылған құрғақ сүт бар. Даниялық әріптесіме ірімшік қатты ұнады, алдында ол бұл қазақстандық ғалымдардың жасағаны екен деп ойлапты. Мен оған ірімшік-қазақтың ұлттық тағамы, оны ата-бабаларымыз қолданған дегенде шынымен таңқалды.

Әңгіме ұзаққа созылды, Айдын Айымбетов қалған сұрақтарға өз блогында, Facebook беттерінде жауап беретінін хабарлады.

Университет атынан ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің студенті Земфира Мирзаева Айдын Айымбетовке ескерткіш сыйлық тапсырды.

- Елімізді дамытуға қосқан үлесіңіз, ерлігіңіз бен батырлығыңыз, қажыр- қайратыңыз үшін сізге алғыс айтуға рұқсат етііңіз. Сіз жас ұрпақ еліктейтіндей ерлік жасадыңыз, сіз арманыңызға жеттіңіз, сіз бүкіл қазақстандық жастар үшін тамаша үлгісіз, сізге қарап отырып қолдан келмейтін нәрсе жоқ, бәрі өз қолымызда екенін түсіндік.

 

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі