Халықаралық білім беру институтының қолдауымен 28 шілде - 14 тамыз аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Олег Гавриленко Денвер қаласына Колорадо штаты (АҚШ) жұмыс сапарымен барып қайтты. Құрама Штаттарының білім беру жүйесімен танысу дәне энергетикалық секторында серіктестік қатынас орнату мақсатымен сапар барысында Колорадо штатының алты жетекші университеттерінде болды. Сапар нәтижесінде Colorado School of Minesпен өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Ол біздің ЖОО-мен одан арғы серіктестік қатынасты жемісті дамытуға негіз болмақ.