Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ басшылығы «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелері жөніндегі вице = президенті Андрей Лазаревпен кездесу өткізді.
Казцинк университеттің көптен бері қоян - қолтық жүмыс істеп келе жатқан әріптесі. Кәсіпорында тау - кен саласындағы негізгі кафедралардың филиалдары ұйымдастырылған. Оның мақсаты - болашақ мамандарды бірлесе даярлау.
А.Лазарев оқу бітірген соң өндіріске келетін білікті мамандар тәрбиелеп отырғаны үшін университет басшылығы мен оқытушыларға алғыс айтты. Ол кафедра филиалының екі жылғы тәжірибесі кадр даярлаудың осындай жолы тиімді екенін атап айтты.
- Біз университетпен жемісті ынтымақты кеңейте түсуге мүдделіміз, деді Андрей Павлович.
- Бүгінгі кездесуде көптеген қызық идеялар туындады.Енді оларды талдап, іске асыруға кірісу керек.