Шығыс Қазақстан техникалық университетінде кезекті Басқарма отырысы өтті. Отырысқа проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімшелер мен құзырет орталықтарының басшылары қатысты.
Отырыстың алғашқы мәселесі - Карьера орталығының трансформациясы болды. Светлана Трофименко алдыңғы отырыста ұсынылған өзгерістерді енгізіп, өз баяндамасында орталықтың өңделген жоспарымен таныстырды. Университеттің ресми парақшасында белгілі түлектер жайлы мағлұматты жаңарту жодарын ұсынды. Айта кету керек, орталық заманауи технологияларды енгізуге және өңірдегі кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға баса назар аударады.
Екінші маңызды мәселе - университеттің халықаралық серіктестерімен «Қалалық жоспарлау, Құрылыс және BIM-технологияларын енгізу» бағыттары бойынша ынтымақтастығы болды. Баяндаманы жасаған Айбек Акаев, Архитектура, құрылыс және энергетика мектебінің деканы, осы бағыттардың дамуының перспективасы мен студенттер мен оқытушылар үшін халықаралық алмасу және бірлескен жобалар аясындағы мүмкіндіктер туралы кеңінен талқыға салып айтты.
Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің деканы Хасенова Зарина және Ақпараттық саясат және медиакоммуникация орталығының басшысы Қасымова Қарлығаш Қанатқызы Қытайдың Қарамай қаласына жасаған сапары туралы есеп берді. Сапар барысында қытайлық серіктестермен кездесулер өткізіліп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы бірлескен жұмыс бағыттарын сөз қылып тілге тиек етті. Сапарға қатысушылар осындай ынтымақтастықтың университеттің білім беру және ғылыми өрісін кеңейту үшін маңыздылығын атап өтті.
Сондай ақ магистратураға және студенттерге қабылдау бойынша апталық есептер қаралды. Академиялық қызмет департаментінің директоры Идришева Жанат магистратураға қабылдау жайында ақпарат берді, ал университеттің жауапты хатшысы Асель Дауылбаева бакалавриат студенттерінің қабылдау мәліметтерін ұсынды.