Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті сурет және черчение пәндері бойынша курстар ұйымдастыруда. Бұл курстар өз дағдыларын дамытуға ниет білдіргендерге арналған. Сабақтар университеттің ыңғайлы аудиторияларында өтеді. Университеттің мекен-жайы: Серікбаев көшесі 19, оң жақ қанаты, екінші қабат.

Сабақтар кестесі:

  • Черчение: дүйсенбі, Г-2-210 аудиториясы, 16:00-18:00.
  • Сурет: сәрсенбі, Г-2-218 аудиториясы, 16:00-19:00.

Сабақтарға қажетті құралдар:

  • А3 форматындағы сызба қағазына арналған папка
  • Қарапайым қарындаштар
  • Өшіргіш
  • Сызғыштар
  • Бұрыштық сызғыш
  • Циркуль

Оқу ақысына келер болсақ сурет салып үйрену- айына 4 сабақ үшін 28 000 теңге (әр сабақ 3 сағаттан), сызу - айына 4 сабақ үшін 21 000 теңге (әр сабақ 2 сағаттан). Екі пәнді қосып алғанда сурет пен сызуды - 49 000 теңгені құрайды.

Төлем жасау үшін kaspi жүйесі арқылы «Төлемдер - Жоғары оқу орындары мен колледждер» бөліміне өтіп, Шығыс Қазақстан техникалық университеті Д. Серікбаевты таңдаңыз. ЖООды дұрыс таңдауды ұмытпаңыз.

Келесі бөлімде «Факультет» деген жерге «УППЦ ДИАРХ даярлық курстары» деп жазып, «Курс» бөліміне екі пәнді (Сурет және Сызу) немесе тек бір пәнді таңдауға болады.

Төлем жасағанда, келесі мәліметтерді көрсету қажет:

  • Баланың (тыңдаушының) толық аты-жөні
  • Баланың (тыңдаушының) ЖСН
  • Төлем жасаушының толық аты-жөні
  • Қосымша ақпарат ретінде «Сурет және Сызу» немесе «Тек Сурет», «Тек Сызу» деп қайта жазу керек.

Төлем сомасы:

  • Екі пән үшін - 49 000 теңге.
  • Тек Сурет үшін - 28 000 теңге.
  • Тек Черчение үшін - 21 000 теңге.

Төлемді басқа банктердің қосымшалары арқылы да жүзеге асыруға болады. Топқа қабылдау үшін WhatsApp арқылы төлем квитанциясының скриншотын немесе қосымшадағы сілтемені жіберу қажет, сонда бухгалтерия төлемді растауға болады. Квитанцияда келесі мәліметтер көрінуі керек:

  • Баланың аты-жөні
  • Төлем сомасы
  • Төлем күні

Бұл процесс топқа дұрыс тіркелуді және оқу үшін есепке алынуды қамтамасыз етеді.

Сызу және сурет пәндері бойынша сабақтар студенттерді жоғары деңгейде дайындап, инженерлік және көркем білім беру саласындағы маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.