14-15 сәуірде ҚР Бірінші Президентінің Қорында осы көктемнің басты студенттік оқиғасы, «Тірегі сендер елімнің» республикалық фестивалі өтті. Фестиваль студенттердің өз әлеуетін толық ашатын және әртүрлі бағытта өздерін көрсете алатын бірнеше шараларды қамтыды. Бұл қызу интеллектуалдық дебаттар (осы жылдың тақырыбы «Қазақстандағы этносаралық толеранттылық: төзімділік немесе достық?») мен «Болашақтың ғалымдары» байқауының қорытындысын шығару, ал ең бастысы, «Жас толқын» олимпиадасының аясында қызықты жарыс.
Олимпиада Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінің студенттерінің арасында креативті ойлау мен шығармашылық, базалық пәндер бойынша білім, жалпы физикалық даярлық пен командалық рух бағаланатын турнирлі топтық сайыстар формасында өткізілді.
«Идея на миллион» инновациялық жобаларын сырттай іріктеу турында Қазақстанның әртүрлі қалаларының 233 тобы ұсынған. Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ тобы ««Мюсли» батончиктері - ұлт денсаулығына біздің үлесіміз» (жетекшілері «ТжҚЭ» кафедрасының профессоры, э.ғ.к. Малышев Н.П., «ТжҚЭ» кафедрасының аға оқытушысы Егорова Е.А.) жобасын ұсынды. Сырттай іріктеу турыннан сүрінбей, маңызды іріктеуден өтіп, мәрелік жарыста 8 топ Т.Рысқұлов ат. ЖЭУ, С.Торайғыров ат. ПМУ, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ, Гуманитарлы-техникалық академия (Көкшетау қ.), Жәңгір хан ат. Батыс-Қазақстан аграрлық - техникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтік академиясы, Каспий Қоғамдық Университеті және Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ қатысты. Көңілді және өткір күресте Ақпараттық технологиялар мен бизнес факультетінің «GOOD» тобы (жетекшісі «ТжҚЭ» кафедрасының аға оқытушысы Удовицкая Е.Ю.) үздік үштікке кіріп, жүлделі үшінші орынды алды, ал топ мүшелері МР3-плейерлермен марапатталды.
Дюсембаева Гульназ (14-БЭ-1 тобы), Нугуманов Арман (14-БЭ-1 тобы), Тамырбаев Даурен (14-БЭ-1тобы), Третьякова Ольга (14-БЭ-1 тобы), Антонов Николайды (14-РТ-1 тобы) құттықтаймыз және оларға оқуда жетістіктерге жете беруге және жаңа ғылыми шыңдарды бағындыруға тіліктеспіз!