Бүгін, 28 маусым, Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерін құттықтаймыз!

Осы маңызды күні біз университеттің ақпараттық саясат және медиакоммуникация орталығының (медиа орталықтың) қызметкерлеріне күн сайын университет туралы жаңалықтарды, ақпараттық материалдарды, медиа жобалар мен мақалаларды жасауға және таратуға күш-жігер салып жүрген қызметкерлерге ерекше алғыс білдіргіміз келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, шығармашылықтарыңыз біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі болып табылады. Сіздер біздің әріптестеріміз ғана емес, сонымен қатар университет пен сыртқы әлем арасындағы маңызды көпір болып табыласыздар.

Сіздерге шабыт пен шығармашылық табыс, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері!

Құрметпен,
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әкімшілігі.