Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ақпараттық саясат және медиакоммуникация орталығының басшысы Қарлығаш Қанатқызы Қазақстан Республикасы Журналистер одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұсынған «Үздік баспасөз хатшы» номинациясын иеленді.
Салтанатты шара Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада ұйымдастырылды. Оған Өскеменнен бөлек, облыс аудандарынан келген бас редакторлар мен журналистер қатысты. Облыстың жүзден жүйрік журналистері мараптталып, алғыс хаттарға ие болды. Еліміздің татулығы мен тұрақтылығының өрістеп-өрлеуінің қарқынын паш ететін журналистер қашанда құрметке лайық.
28 маусым, Қазақстанда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, еңбектеріңіз табысты болсын!