Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

Теңге - біздің тәуелсіз еліміздің тәуелсіздігінің бір белгісі ретінде, ел экономикасының дамуына ықпалдастық ете отырып, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен әл-ауқатын нығайту ісіне елеулі үлес қосуын жалғастыра берсін. Әр азаматқа өз еңбегінің жемісі үшін лайықты сыйақы алуға, ең бастысы - өзіміздің, келешек ұрпақтарымыздың жарқын болашағына деген сенімін арттыра берсін!

Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілейміз: алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін!