Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки Шығыс Қазақстан облысындағы жетекші кәсіпорын басшыларымен кездесті.
Дархан Ахмед-Заки Казцинк компаниясының басшылығымен кездесіп, ғылым мен білімнің өндірісте, өнеркәсіпте интеграциялануын, бүгіні мен болашағын талқылады.
Жуықта ҚР Презиенті «Қайта өңдеу өнеркәсібінің жедел дамуын тек инновация және алдыңғы қатарлы технологиялар базасында жүзеге асыруға болады. Бұл – аксиома. Сондықтан қазақстандық экономика ғылым саятындай болуы керек», - деген еді. Осы тұрғыда кәсіпорын, өңір әкімшілігі мен университет арасында байланыс тетігі болуға тиісті. Ғылым туралы жаңа заңнаманың мазмұны бұл стратегияны қамтитын да болады.
«ЖОО іргесінде кәсіпорын сұранысына мониторинг жүргізетін қызмет болуға тиіс. Әлеуетті тапсырыс беруші сіздер, - дед Дархан Жұмақанұлы кәсіпорын өкілдеріне. – Теориялық тұрғыда ЖОО өндіріс саласындағы жаңалықтарды ұдайы қадағалап, оны сіздерге ұсынуға тиісті. Яғни, ШҚТУ бүкіл әлемдегі технологиялық ноу-хауды қадағалап, өңірлік кәсіпорын мүддесіне икемдеу жолдарын қарастыратын болады.
Кездесу соңында ШҚТУ мен Казцинк компаниясы арасындағы тығыз байланыс, стратегиялық өзара әрекеттестік жайы талқыланды. Ғылым мен бизнестің өңірлік жетекшілері студенттерді дайындауда, индустриялық инновациялық шешімдерді табуда жұмыла атқарылып жатқан қызметтерді баян етті.
Сондай-ақ Дархан Ахмед-Заки ядролық бағытта жұмыс істейтін Үлбі металлургия зауытында болды. "ҮМЗ"АҚ ішкі заңнамалық актілерін және белгілі шектеулерін ескере отырып, өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері қарастырылды.
Іс сапардың екінші күні Дархан Ахмед-Заки Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдарымен, сондай-ақ "УЗПА" АҚ кәсіпорнының басшысы Р.Б. Ахмадиев және "ОХМК" ЖШС басшысы Ф.К. Абитаевпен кездесті.
Дархан Ахмед-Заки "Smart engineering" құзыреттілік орталығы, Құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансфері орталығы және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың "Білім беру киберспорты және геймификациясы" оқу зертханасының қызметімен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг өтті.