Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың өкілдері Ақтауда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі ұйымдастырған өңір талапкерлеріне арналған жоғары білімнің ауқымды көрмесіне қатысты.

Көрмеде Қазақстанның түрлі қалаларынан 40-тан астам жетекші ЖОО өз университеттерін таныстырып, білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Көрме жұмысы барысында ЖОО өкілдері талапкерлер мен олардың ата-аналарының қабылдау науқандары, университеттің халықаралық ынтымақтастығы және академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктері, студенттік өмір және т. б. туралы сұрақтарына жауап берді.

Көрменің бірінші күні 3000-ға жуық Ақтау қаласының мектеп және колледж түлектері келді. Көрме қонақтары халқы тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жастарға арналған нысаналы білім беру гранттары шеңберінде оқуға түсу тәртібі және тегін оқу мүмкіндігі туралы қажетті ақпарат ала алды.

Ертең Жаңаөзен талапкерлерімен кездесу жүргізіледі.