24.10.2024 жылы "ШҚТУ" КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс офицері Қ.А. Мықтыбаевпен және Университеттің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша жауапты және әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі А.Х. Машекеновамен университеттің әскери кафедрасының қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті мен корпоративтік этика жүйесін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Бұл ретте, Өскемен гарнизоны Әскери прокурорының заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ 2022-2024 жылдар кезеңінде запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлауды жүзеге асыру кезінде университеттің әскери кафедрасының қызметіне тексеру жүргізу кезінде анықталған өзге де проблемалық мәселелер туралы ұсынысы қаралды.

Осы кездесудің нәтижелері бойынша әскери кафедраға ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу және әскери кафедраға түсушілерде психологиялық тест пен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдау кезінде заңдылық пен объективтілікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар мен нұсқаулар берілді.