22-ТЭ-1, 23-ТЭТ-1 тобында Республика күніне орай «Қазақстан Республикасының даму жолы» тақырыбы аясында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара студенттерді Қазақстан елінің мемлекеттік рәміздеріне, еліміздің тарихи өткені мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Студенттерді патриотизмге және өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұлғайтуға тәрбиелеу, өз халқының тарихымен танысу кураторлық сағаттың мақсаты болып табылады.

Топ кураторы Нургалиева Асель Тлеубековна студенттерге патриотизм және ұлттық рух, салт-дәстүр, мемлекеттік рәміздер жайлы мағлұматтар берді. Ұлттық рухты ояту, ұлғайту әдістері қарастырылды. Студенттердің баяндамалары және пікірлері тыңдалды.