2016 жылғы 14 шілдедегі №5/33-IV облыстық мәслихат шешімі бойынша "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы қазақстандық ЖОО-на ұқсас шетелдің ЖОО-на оқуға түсетін облыстың мектеп бітіруші түлектері бойынша жағдайды зерделеді.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Жасұлан Шаймарданов мектеп бітіруші түлектердің Ресейдің ЖОО-на кетуінің себебін зерделеу үшін аталған жұмыс тобын басқарды. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің базасында талдау жасалып, мектеп бітірушілердің кету деңгейін төмендету үшін ұсынымдар әзірленді.
5 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының VI сессиясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Жасұлан Құдайбергенұлы өткізілген талдаулар нәтижесі бойынша сөз сөйледі.