Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-да Бизнес және кәсіпкерлік мектебі ұйымдастырған «50 түрлі жасыл» атты аймақтық олимпиадасы өтті. Мақсаты - талапкерлерге болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесу. Шараға Шығыс Қазақстан облысы мектептері мен экономикалық бағыттағы колледждерден 80-ге жуық түлек қатысты.
Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің деканы Жадыра Қоңырбаева құттықтау сөз сөйлеп, мектептің қызмет ету бағыттары туралы әңгімеледі. Қазылар алқасы «Мансап» орталығының және БжКМ өкілдерінен құралды.
Мектеп және колледж түлектеріне шеберлік сағаттары өткізіліп, олимпиада тапсырмалары дайындады. Қатысушылар 5 командаға бөлінді: «Изумруд», «Атлантида», «Малахит», «Мятная пастила» және «Лайм». Студенттер мен оқушылар сұрақтарға белсене жауап беріп, барлық тапсырмаларды оңайлықпен орындады.
- Олимпиадалар осындай формада өткізілггені дұрыс, - дейді фестиваль қатысушыларының бірі. - Олимпиада бейресми жағдайда өтті. Біз тек сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар мамандар өткізген пайдалы шеберлік сабақтарын тыңдай алдық.
Фестиваль нәтижесіне сәйкес барлық қатысушылар «Жарнама шебері», «мықты bookkeeper», «болашақ банкир» және «Business Profi» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ, біздің университетімізде білім алуға 10% жеңілдік берілді.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі