Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Шемонаиха ауданының Білім басқармасымен жасасқан меморандум негізінде ШҚМТУ-дың ОӘЖ жөніндегі проректоры С.Ж. Рахметуллинаның жетекшілігімен «Мектеп-колледж-жоғары оқы орны» жобасын талқылау мақсатында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге ШҚО Білім басқармасының және «ТжКББ» орталығының өкілдерімен өткізілді.
ШҚМТУ жұмыс тобы құрамында университет әкімшілігі, Жоғары техникалық колледж, «Мансап» орталығы, АЖжКМҮ кафедрасының өкілдері және басқалар болды.
Жобаның мақсаты - студенттердің қазіргі заманғы стандарттар деңгейіне сәйкес сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Талқылау барысында жоба студенттердің өзін-өзі табысты жеке дара және кәсіби жолда анықталуын қамтамасыз ететін жеке білім беру бағдарламаларын таңдау кеңістігімен қатар әмбебап оқытушылық шараларын біріктіруге тиіс екені аталып өтілді.
Сонымен қатар, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Мектеп-колледж-жоғары оқы орны» желілік өзара іс-қимыл тиімді моделін дамыту арқылы 9-11 сынып оқушыларының білім алу процесінің профильденуін қамтамасыз ету қажет.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі