Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Редакциялық баспа орталығының тату ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтайды!
1992 жылдың 1 қазанында ӨҚ ЖҚИ ректоры Баталов Ю. В. Бұйрығымен институт құрылымында жаңа бөлім - Редакциялық баспа бөлімі ашылды.
Штат құрамында - бастық Л. И.Орлова, редактор О. Н. Николаенко және корректор С. Л. Шумская болды.
Жылдан жылға ұжым штаты кәсіби мамандармен толықтырылып, материалдық-техникалық база толықты.
2004 жылдың мамыр айында редакциялық баспа бөлімі Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Баспасы болып қайта құрылды. Сол жылы 2 маусымда ҚР Білім және ғылым министрлігімен университетке оқу-әдістемелік құралдар мен қосымша әдебиет басуға № 0000067 лицензиясы берілді.
2017 жылдың 7 қазанында бөлім Редакциялық баспа орталығы болып қайта ұйымдастырылды.
Қызметкерлер кәсіби білімі мен заманауи жабдықтарының арқасында Орталық сапалы баспа өнімдерін жасау бойынша барлық қызмет спектрін көрсетіп тұр. Университет оқу процесі мен ғылыми қызметін қамтамасыз ететін әдебиеттер мен материалдарды басу, мерзімді басылымдар шығару, кітапхана қорын әдебиеттермен қамтамасыз ету, іс-шараларға ақпараттық-баспалық қолдау көрсету, әкімшілік - ЖОО-ның басқару және шаруашылық қызметі, жоғары кәсіптік білім беру мекемесі ретінде университет мақсаты мен міндеттеріне сәйкес полиграфиялық жарнамалық-ақпараттық және өкілдік өнімдерді дайындауды жүзеге асырады
Редакциялық баспа орталығына кәсіби біліктілігі мен сапа үшін алғыс айтамыз! Сіздерге өркендеу, табыс тілейміз!