Шығыс Қазақстан облысын тұрақты дамыту үшін жұмыс орны және энергия тиімділігінің қауіпсіздік техникасын оқыту бойынша AES и GIZ бірлескен жобасының аясында «IOSH-жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру» тренингі өткізілді.
Аталған тренингті В.В.Балаболкиннің IOSH курсы бойынша сертификатталған тренер Корпоративтік оқыту ортылығының базасында өткізді.
Тренингке Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің және Өскемен қаласы Политехникалық колледжінің оқытушылары, сондай-ақ, Қазақстандағы AES бизнесінің қызметкерлері және де еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері үшін жауапты тұлғалар қатысты.
Курстың негізі мақсаты: Менеджер/инженерлер ретінде алынған мамандардың қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарының орындалуына көз жеткізу және оларға өздерінің қауіпсіз техникасы бойынша жүйесін тағы да қарап шығуға мүмкіндік беру, бақылаудың жаңа басқару элементтерін енгізу немесе жұмыс орнын неғұрлым қауіпсіз ету үшін барынша өзгертулерді қолдану.
Оқу курсынан күтілетін нәтижелер:
- Өнімділікті арттыру үшін өндірістік жарақаттану мен ауырып қалу салдарынан жоғалған жұмыс уақытындағы сағаттың санын азайту;
- Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы шараларының қажеттілігін түсіну және компанияның жалпы қауіпсіздік мәдениетін жақсарту;
- Жұмыс орындарында жағдайларын жақсарту үдерісіне қызметкерлерді тарту;
- Нарықта компания беделін көтеріп, жақсарту.
IOSH курсының аясында келесі тақырыптар қамтылды:
- Тәуекелдерді бағалау
- Тәуекелдерді бақылау
- Өздерінің міндеттерін түсіну
- Қауіпті факторларды анықтау
- Болған оқиғаны зерттеу
- Статистикалық талдау
- Қоршаған ортаны қорғау
Тренинг аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар тестілеуден өткізіліп, оларға қатысқаны үшін Baitau Partners сертификаты берілді. Тренингке қатысушыларға жұмыс орнындағы тәуекелдерді бағалау жәнесынақтың оң нәтижелері расталғаннан кейінIOSH аккредиттелген халықаралық сертификаты берілетін болады.
Жазбаша бағалауларға сәйкес, курсқа қатысушылар лектордың білім деңгейінің ауқымдығы мен берілген материалдарға көңілдері толды.